Жетісу полициясы мефедронның ірі партиясын тәркіледі: есірткінің 2000 дозасын өткізуге жол берілмеді
© Сурет: YouTube/PolisiaKz
"Қарасора-2024" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы басқармасының қызметкерлері сәтті жедел іздестіру шараларын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласының 34 жастағы тұрғыны есірткі таратқаны үшін ұсталды.
Ведомство ақпаратынша, күдікті "Toyota Yaris" автокөлігін тексеру барысында ұсталды.
Тексеру барысында машинада ерекше иісі бар ақ заттың қапшығы табылды. Сараптама қорытындысна сәйкес жалпы сомасы бір килограмм алынған зат "мефедрон" синтетикалық есірткісі болып табылды. Тәркіленген заттың нарықтық құны 20 миллион теңгеге бағаланады, бұл қара нарықтағы екі мың дозаға тең.
"Есірткіні анықтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті қамауға алынды. Есірткі заттарын өндіру, сақтау, тасымалдау және аса ірі мөлшерде өткізу сияқты заңсыз әрекеттері үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған". Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі
Есірткі қылмыстары қоғамға зиян келтіріп қана қоймай, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеледі. Полиция азаматтарды сергек болуға және есірткіге қатысты күдікті әрекеттер туралы хабарлауға шақырады.
Бұған дейін Қостанайда есірткі жасырып кетумен айналысқан студенттердің 11 жылға түрмеге тоғытылғаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:23, 24 қыркүйек 2024
Қазақстан халқы қазан айында неше күн демалады
-
17:14, 24 қыркүйек 2024
Қазақстанда жатыр мойны обыры дертінен жыл сайын 600 әйел көз жұмады
-
17:01, 24 қыркүйек 2024
Елордада тұрғын үйлерге жылу беріле бастады
-
16:52, 24 қыркүйек 2024
Су тасқыны салдарын жоюға жалпы қанша қаражат жұмсалды
-
16:45, 24 қыркүйек 2024
Қазақстандықтарға уәде етілген кезекті төлем жайлы ақпарат жалған болып шықты