Астанада асық ату спортынан Әлем чемпионатының ашылу рәсімі өтті

20:51, 13 қыркүйек 2024

© Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

13 қыркүйекте Астанада асық ату спортынан Әлем чемпионатының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Zakon.kz.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш чемпионат қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениетін әлемдік аренада ілгерілетудегі маңызды қадамдардың бірі болмақ.

"Бүгін - тарихи күн. Себебі елордада асық атудан тұңғыш әлем чемпионаты өтіп жатыр. Асық ату - бұл қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Ойын ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Бір сөзбен айтқанда, бұл ойынның пайдасы мол", - деді Асық ату федерациясының атқарушы директоры Азамат Манапов.

Ұлттық спорттық іс-шараның мақсаты – асық атуды әлемдік деңгейде насихаттау, халықаралық спорттық байланыстарды нығайту.

Елордада Асық атудан Әлем бойынша чемпионатқа 15 елден ең үздік спортшылар қатысып, қазақтың ұлттық ойыны асық атуда бақ сынап жатыр.

Жеңімпаздар ақшалай сыйақымен және кубоктармен марапатталады.

Спорттық жарысқа Қазақстан, АҚШ, Грузия, Венгрия, Ресей Федерациясы, Румыния, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия, Испания, Чехия, Үндістан, Өзбекстан секілді елдің спортшылары келді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!