Астана-1 вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары қалай жүріп жатыр

09:06, 7 тамыз 2026
MKZ: 1560101

© Сурет: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

7 тамызда ҚР Көлік министрлігі Астана-1 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарының барысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта нысанның шатыры мен қасбетін жөндеу, перрон мен жолаушылар өтетін конкорсты қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ғимараттың іші әрленіп, сумен жабдықтау, кәріз, жылу, электрмен жабдықтау, желдету және байланыс жүйелері орнатылуда.

"Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан елдің теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарламаның бір бөлігі", – делінген министрлік хабарламасында.

Жаңғырту аяқталғаннан кейін вокзал кешенінің аумағы 500 шаршы метрге ұлғайып, 8,7 мың шаршы метрге жетеді. Бұл жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және артып келе жатқан жолаушылар ағынына сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазір құрылыс алаңында 255 маман мен 12 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Қозғалысы шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Вокзал аумағында тактильді бағыттау жолақтары төселіп, көру қабілеті бұзылған жолаушыларға арналған ақпараттық тақтайшалар орнатылады.

Жаңғырту аясында заманауи бейнебақылау, өрт дабылы, кіруді бақылау және жолаушыларды құлақтандыру жүйелері енгізіледі. Бұдан бөлек, жаңа жарықдиодты экрандар орнатылып, дауыстық хабарлау жүйесі, жиһаздар мен технологиялық жабдықтар жаңартылады.

Бұған дейін Қазақстанда ұшқышсыз ұшу аппараттарын тасымалдауға арналған көлік құралдары өндірілетіні хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!