Астанада әлеуметтік желідегі бейәдеп сөздері үшін ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

19:55, 6 тамыз 2026
MKZ: 1560060

© Фото: zakon.kz

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында құқыққа қайшы бейнежазба анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

TikTok әлеуметтік желісінде ер адамның қоғамдық орында бейнежазба түсіру барысында балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.

Кейін ол аталған бейнежазбаны өзінің парақшасында жариялап, құқыққа қайшы әрекетін көпшілікке ашық түрде таратқан.

Полиция қызметкерлері оның жеке басын жедел анықтады. Құқық бұзушы 32 жастағы Мирас Беркінбаев болып шықты. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды.

Полиция әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізеді.


"Азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және әлеуметтік желілерде әдеп нормаларын ұстануға шақырамыз", – делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!