Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

09:35, 7 тамыз 2026
MKZ: 1560113

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

7 тамызда Қазақстанның алты ірі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Осыған байланысты тұрғындарға далада ұзақ жүрмеуге кеңес берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді.


"2026 жылғы 7 тамызда Ақтөбе мен Алматыда, түнде Қарағанды, Теміртау, Атырау және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген гидрометеорологиялық орталық мамандарының ескертуінде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың, атап айтқанда желсіздіктің, баяу желдің, тұман мен инверсияның жиынтығы.

Мұндай кезде тұрғындарға, әсіресе автокөлік жолдары мен ауаны ластайтын басқа да нысандардың маңында далада ұзақ жүрмеу ұсынылады. Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүргені жөн.

6 тамызда Ақтөбе мен Талдықорған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!