«Тестсіз-ақ бәрі қалыпты еді»: Рыбакина WTA-ның жаңа талабына пікір білдірді

09:44, 7 тамыз 2026
MKZ: 1560112

© Сурет: j48tennis

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA ұйымының турнирлерге қатысу үшін спортшылардан міндетті түрде гендерлік тест тапсыруды талап ететін жаңа ережесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sports.kz басылымының мәліметінше, Торонтода өткен баспасөз мәслихатында әлемнің екінші ракеткасы аталған жаңашылдыққа байыппен жауап берді.

"Бұл туралы не айтарымды білмеймін. Егер бізден осыны талап етсе, онда тапсырамыз. Мұндай тексерістің қажеті жоқ деп айта алмаймын, бірақ меніңше, осы уақытқа дейін мұндай тестсіз-ақ бәрі қалыпты болды. Дегенмен, егер оны тапсыру міндеттелсе, онда тапсырамыз", – деді Рыбакина.

WTA-ның жаңа саясатына сәйкес, спортшылар SRY генінің (ер адамның Y-хромосомасындағы ген) бар-жоғын анықтайтын бір реттік тесттен өтуі тиіс.

Егер теннисші тестілеуден өтуден бас тартса, оған тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.

Жаңа талап биылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.

Бұған дейін Арина Соболенко WTA енгізген гендерлік тестілеуден өтуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!