Астана тұрғындары мен қонақтарына ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасалды

10:04, 30 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік ақпарына сүйенсек, коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдардың жүру бөлігі, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтары көктайғаққа қарсы материалдармен өңделіп жатыр, жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде.

Ведомство қала тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын сақтауға шақырды:

  • көшеде қозғалған кезде, әсіресе жолдан өту барысында мұқият болу,
  • таймайтын табаны бар аяқ киім кию,
  • мүмкіндігінше алыс жолға шықпау.

Жүргізушілерге көріну деңгейінің төмендеуін және жолдың тайғақ болуын ескеріп, жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтау, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын және шиналардың ауа райына сәйкестігін тексеру ұсынылады.

"Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөмірі арқылы жедел қызметтерге хабарласу қажет",- деп ескертті әкімдік.

Бұған дейін Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені 2025 жылы қандай нәтижелерге қол жеткізгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!