Астана полицейлері ұрыны қылмыс үстінде ұстады

20:52, 7 тамыз 2024

© Сурет: polisia.kz

Астана тұрғыны полицияға 102 арнасы арқылы жүгініп, тұрғын үй кешенінің тұрағында күдікті әрекеттер жасап жүрген белгісіз адамды байқағанын хабарлаған. Ол көліктердің есіктерінің тұтқаларын тартып көрген, салонға кіруге тырысқандай боп көрінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы ауданы полиция басқармасы полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына келіп, 21 жастағы жігітті ұстады.

Күдікті сол жерде тұрған Honda көлігінен әмиянды ұрлағанын мойындады. Оның ішінде 18 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат болған.

Полиция заттай дәлелдемелерді тәркілеп, иесіне қайтарып берді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!