Астана орталығындағы көпірден әйел адам секірмек болды. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті

16:49, 27 наурыз 2024

© Сурет: ПД Астана

Астанада полиция қызметкері көпірден секірмек болған әйелді құтқарып үлгерді ,- деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 23 наурыз күні орын алған. Ал, бейнежазба әлеуметтік желіде 27 наурызда жарияланды.

Патрульдік полиция полкінің инспекторы Евгений Казаков Есіл өзеніне секірмек болған 42 жастағы әйелді құтқарып қалды. Бұл оқиға 23 наурыз күні Сарайшық көшесінің бойында болған",- деп хабарлайды Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Полиция қызметкері патрульдеу кезінде көпірдің шетінде тұрған әйелді байқаған. Лейтенант Казаков дереу көпірге шығып, өз өмірін үзе жаздаған нәзік жанды аман алып қалған.

Жедел жәрдем жеткенше полиция қызметкерлері тарапынан әйелге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілген.

Айта кетейік, 3 наурыз күні де Семейдегі көпірлердің бірінен секірмек болған жасөспірім баланың бейнежазбасы да тарап кеткен еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!