Ақмолалық азамат гүлге жұмсаған 7,5 мың теңгесін кері қайтаруды талап етті
© Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне интернет-дүкен арқылы гүлге тапсырыс беру кезінде тұтынушы құқықтарының бұзылуы фактісі бойынша арыз келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство арыз мәтініне сілтеме жасай отырып, 2026 жылғы 28 мамырда тұтынушы интернет-дүкен арқылы Степногорск қаласына раушан гүлдерін жеткізуге тапсырыс рәсімдеп, оның ақысын толық төлегенін, тапсырыс құны 7 500 теңгені құрағанын, алайда көрсетілген уақытта қызмет көрсетілмегенін хабарлайды. Яғни, ақысы төленгенімен тұтынушы қолына гүл тимеген.
"Төлем интернет-дүкен әкімшілігінің нұсқауымен жеке тұлғаның банк картасына тікелей аударылған. Тапсырыс шартына сәйкес, жеткізу 2026 жылғы 28 мамырда сағат 09:00-ден 10:00-ге дейін жүзеге асырылуы тиіс болған. Алайда қызмет көрсетілмеген. Кейіннен сатушы тапсырыс жеткізілгені туралы автоматты хабарлама жолдағанымен, іс жүзінде тауар алушыға жеткізілмеген. Тұтынушы сатушының атына көрсетілмеген қызмет үшін төленген ақшалай қаражатты қайтару туралы сотқа дейінгі талап жолдаған. Алайда жауап болмағандықтан, азамат Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінен консультациялық көмек сұрап жүгінді", делінген комитет хабарламасында.
Департамент мамандарымен қабылданған шаралардың нәтижесінде 7 500 теңге көлеміндегі қаражат тұтынушыға толық көлемде қайтарылды. Мәселе реттелуіне байланысты өтініш беруші өз арызын кері қайтарып алғаны, іс сотқа жетпегені де нақтылынады.
Бұған дейін Қазақстандағы ШОБ-тың дамуына онлайн-сауданың әсері туралы жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:46, 3 маусым 2026
World Boxing әуесқой боксшылардың әлемдік рейтингін жариялады. Тізімде қазақстандық боксшылар да бар
-
21:39, 3 маусым 2026
Синоптиктер болжамы: бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт нашарлайды
-
20:39, 3 маусым 2026
Ұлттық кітапханада сақтаулы XII ғасырғы Құран қолжазбасының мәселесі талқыланды
-
19:59, 3 маусым 2026
Қазақстандағы жастар арасындағы мықты теннисші «Ролан Гарростың» ширек финалына шыға алмады
-
19:51, 3 маусым 2026
БҚО-дағы ауылдардың бірінде оқушы бала өлі күйінде табылды





