Астана маңындағы саяжайлар бірнеше айдан бері су астында

10:59, 19 маусым 2024

© Сурет: astanatv.kz

Елордадағы Есіл жағалауындағы саяжайлар бірнеше айдан бері су астында, деп хабарлайды Zakon.kz.

Astana TV-ға адамдар коммуналдық қызметтер су тасқынына төтеп бере алмайды деп шағымын жеткізген.

"Бұл біздің баспанамыз, тіркеуіміз де осында. Басқа барар жер басар тауымыз болмағаннан кейін, осында тұруға мәжбүрміз. Балаларымыз бен қарауымыздағы мүгедектеріміз ауырып қалса жолдың жоқтығынан жедел жәрдем шақыра алмаймыз. Бақшаға еккен көкеністеріміз де суға батып кетті. Біздің ойымызша, бұл өзеннің қайта құрылуына байланысты, Көкталға қарай сарқырама жасалған. Ал біздің саяжайлар-арал болып қалып отыр, айналамыз толған су".Астана тұрғыны Клавдия Трошина

Клавдияның айтуынша, мұнда коммуналдық қызметтер жиі келе бермейді. Тұрғындар олардың жұмыс нәтижелерін көрмегеннен кейін шақыруды қойған.

"Наурыздан бері 109-ға қоңырау шалып шаршадық. Жұмыстарының нәтижесі жоқ, ешкім ештеңе істемейді. Апта бойы күніне 2-3 сағаттан жұмыс істейді де, бензин таусылды, әкімдік бензин бөлмеді деп жұмыстарын тоқтатады. Бір айдан бері көрінбеп еді, соңғы екі күнде қайта төбе көрсете бастады. Алайда, сол баяғы жұмыстарының жемісі жоқ, су кетіп жатқан жоқ. Ешкім ештеңе істемейді, тіпті естігісі де келмейді. Қайдан көмек сұрарымызды білмей дал болдық".Клавдия Трошина

Аудан әкімдігі саяжайлар Есіл деңгейінен төмен учаскелер мен үйлердің болуына байланысты суға батып жатқанын, алайды коммуналдық қызметтер оның салдарын жою үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

"Бұған дейін аудан әкімдігі мен ТЖБ күшімен "Газмашаппаратура" саяжай қоғамы ауданында өрт сорғы станциясы, ассенизатор машиналары, мотопомпалар қойылған болатын. Қазір учаскеде суды ағызу және сору үшін мотопомпалар жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, кешеден бастап суға түсу нүктелерін іздейтін сүңгуірлер жұмысқа тартылды".Астана қаласы "Нұра" ауданы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Әйгерім Ақшолақова

Айта кетейік, Қанат Бозымбаев алты өңірдегі су тасқыны салдарын жою жұмыстарының қарқынын тексерді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!