«Астана» Конференция лигасының топтық кезеңіндегі ойында «Динамодан» жеңіліп қалды
© Сурет: instagram.com/fca.astana
"Астана" Конференция лигасының топтық кезеңіндегі ойында өз алаңында Загребтің "Динамосын" қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесуді елордалық команда футболшылары белсенді бастады. Дегенмен олардың тарапынан көп қателік болды.
Елордалық команда плей-офф сатысына өту үшін осы кездесуде жеңіске жетуге тиіс еді.
Ойынның 12-минутында хорватиялық команда қақпасына белгіленген пенальтиден Дембо Дарбо мүлт кетті.
Бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңді «Астана» футболшылары белсенді бастаған еді.
Соған қарамастан 48-минутта хорватиялық командадан Габриэль Видович мергендік танытса, Такуро Канеко 79-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Астана» қарсыласына 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
«Астана» мен «Динамо Загреб» бұған дейін бес мәрте шеберлік байқасты. Бәрінде хорватиялық клуб басым түсті.
Қазірге дейін астаналық клуб сырт алаңда «Динамо Загребке» 1:5, өз алаңында «Виктория Пльзеньге» 1:2 есебімен жеңілді.
"Астана" 15 желтоқсанда сырт алаңда чехиялық "Викториямен" кездеседі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





