Астана халықаралық форумының өткізілмейтін болуы: СІМ түсініктеме берді

17:54, 15 сәуір 2024

© Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

ҚР Сыртқы істер министрлігі 2024 жылғы 15 сәуірде өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты Астана халықаралық форумының өткізілмейтіндігіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров арнайы брифинг барысында аталған халықаралық форумға едәуір шетелден жоғары лауазымды қонақтар шақырылғанын атап өтті.

"Қазір біз барлық жағдайды түсіндіріп, форумның келесі жылы жұмысын жалғастыратынын айтатын хаттар дайындап, жан-жаққа жолдап жатырмыз. Барлығы не болып жатқанын жақсы біледі. Әріптестерімізге жағдайды түсінгені және дұрыс бағалағаны үшін алғыс айтамыз", – деді Айбек Смадияров.

Журналистер елімізде осындай ірі халықаралық іс-шараларды өткізбей тастау қанша рет орын алғанын сұрады.

"Санамаппын, мен білмейді екенмін. Бұл - қалыпты жағдай, бұдан өрескел ешнәрсені көріп тұрғаным жоқ. Бұл - Мемлекет басшысының ұтымды шешімі", - деді Айбек Смадияров.

2024 жылы 13 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ауқымды су тасқынына байланысты 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізуді кейінге шегерілгенін хабарлады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!