Ашық әрі жедел кедендік рәсімдеу: «Кеден» АЖ-не қалай қосылуға болады
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік рәсімдер мен бақылауды жүргізуге арналған бірыңғай кеңістік қалыптастыратын ұлттық цифрлық платформа – "Кеден" ақпараттық жүйесін (АЖ) кезең-кезеңімен енгізуді жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бұл жүйе декларация тапсыру мен кедендік өзара іс-қимылдың негізгі рәсімдері жүзеге асырылған бұрынғы "Астана-1" платформасынан біртіндеп көшу аясында енгізіліп жатқанын атап өтті.
Жаңа жұмыс форматы кедендік рәсімдеуді электрондық түрде жүргізудің анағұрлым заманауи әрі ыңғайлы тәсілін қамтамасыз етеді.
"Кеден" АЖ сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға негізгі электрондық сервистерге қолжетімділік бере отырып, кедендік рәсімдерді барынша ашық әрі тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
- тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау;
- жүк туралы алдын ала ақпарат ұсыну;
- декларацияларды автоматты түрде тіркеу және өңдеу;
- тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану;
- мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алу.
Пайдаланушылар үшін кеден бекеттерінде жүйемен жұмыс істеу бойынша оқыту ұйымдастырылған.
Қосымша материалдар test-keden.kgd.gov.kz ресми тестілік ресурсында орналастырылған. Онда бейненұсқаулықтар, нұсқаулықтар және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар қолжетімді.
"Кеден" АЖ-де жұмысты бастау үшін пайдаланушыға мыналар қажет:
- интернет желісіне қолжетімділік;
- ЖСН/БСН;
- электрондық цифрлық қолтаңба (жеке немесе заңды тұлға қызметкерінің ЭЦҚ-сы);
- NCALayer бағдарламасының өзекті нұсқасы орнатылған болуы.
Тіркеу keden.kgd.gov.kz порталында жүзеге асырылады. Пайдаланушы "Тіркелу" батырмасын таңдап, міндетті жолдарды толтырып, NCALayer арқылы ЭЦҚ көмегімен әрекеттерін растауы тиіс. Осыдан кейін жүйенің барлық функцияларына қолжетімділік ашылады.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, "Кеден" АЖ-не көшу Қазақстанның заманауи, ашық әрі ыңғайлы кеден жүйесіне өтуіне ықпал етеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:57, 20 ақпан 2026
Қазақстан рубль мен долларға қаншалықты тәуелді – Ұлттық банк талдауы
-
16:48, 20 ақпан 2026
Павлодарда құрылыс компаниялары жүздеген миллион теңгеге мүліктік мәмілелерді жасырған
-
16:36, 20 ақпан 2026
Теңгенің нығаюы нарықтық сипатқа ие – Молдабекова
-
16:23, 20 ақпан 2026
Қазақстанда автоматты әлеуметтік төлемдер туралы фейктерге министрлік жауап берді
-
16:14, 20 ақпан 2026
Қазақстан азаматтарының Корей елінен ерікті түрде шығу бағдарламасы ақпан айының соңына дейін жалғасады





