Жерге өте ұқсас: ғалымдар «өмір сүруге қолайлы» планетаны анықтады
© Сурет: pixabay
Аустралия, АҚШ, Ұлыбритания және Дания ғалымдарынан құралған халықаралық астрономдар тобы HD 137010 b атты экзопланетаны анықтағанын мәлімдеді. Зерттеушілердің айтуынша, бұл ғарыш нысанының жағдайлары Жерге ұқсас болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зерттеу Astrophysical Journal ғылыми журналында жарияланған. Онда экзопланетаның Жерден 146 жарық жылы қашықтықта орналасқаны көрсетілген.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, HD 137010 b бірқатар сипаттамалары бойынша Жер мен Марсқа ұқсайды. Планетаның радиусы Жердікінен шамамен 6%-ға үлкен, ал өз жұлдызын толық бір айналып шығу мерзімі 355 тәулікті құрайды. Ғалымдар бұл ғаламшардың өмір сүруге қолайлы аймақта орналасу ықтималдығын 50% деп бағалап отыр.
Бұл жаңалықтың ерекше қызығушылық тудыруы – экзопланетаның Күнге ұқсас жұлдыздың дискісі арқылы транзиттік өтуі. Жұлдыздың жарықтығы жоғары болғандықтан, зерттеушілерге алдағы уақытта егжей-тегжейлі бақылаулар жүргізуге мүмкіндік береді. Осы себепті HD 137010 b болашақ зерттеулер үшін ең үмітті нысандардың біріне айналып отыр.
Планета 2017 жылы NASA-ның "Кеплер" ғарыш телескобының кеңейтілген K2 миссиясы аясында жиналған архивтік деректерді қайта талдау нәтижесінде анықталған. Егер HD 137010 b экзопланета ретіндегі мәртебесі ресми түрде расталса, ол физикалық сипаттамалары бойынша Жерге ең жақын аналогтардың бірі әрі ғаламнан тіршілік белгілерін іздеу үшін маңызды нысанға айналуы мүмкін.
Бұған дейін Қытай ғарышты игеруге қатысты ерекше жоспарларын жариялағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:01, 30 қаңтар 2026
Президент корпоративтік еріктілер қозғалысын дамытуға шақырды
-
12:56, 30 қаңтар 2026
Қазақстанда 300 мыңға жуық волонтер еңбек етеді
-
12:56, 30 қаңтар 2026
Қазақстанда 300 мыңға жуық волонтерлер еңбек етеді
-
12:51, 30 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы: Волонтерлер – пандемия мен су тасқынында ерлік көрсетті
-
12:42, 30 қаңтар 2026
Тоқаев волонтерлердің цифрлық паспортын жасау және халықаралық ынтымақтастықты қолдауға қатысты пікір білдірді





