Ғалымдар бір-бірін «есім» арқылы шақыратын тіршілік иелерін анықтады

11:13, 30 қаңтар 2026

© Сурет: pixabay

Ғалымдар дельфиндердің таңғаларлық жоғары интеллектін ондаған жыл бойы зерттеп келеді. Жуырда олардың адамдар тәрізді бір-біріне "аты" арқылы үн қата алатыны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Америкалық биолог Скотт Треверс Forbes басылымына жариялаған авторлық мақаласында дельфиндер дыбыстардың белгілі бір комбинацияларын адамдар есімді қалай қолданса, дәл солай пайдаланатынын атап өтті.

Зерттеулер нәтижесінде дельфиндердің өздеріне ғана тән ерекше дыбыстарды шығарып қана қоймай, басқа дельфиндердің өзіне тән ысқырығын дәлме-дәл қайталай алатыны белгілі болды.

Треверстің айтуынша, дельфиндердің ысқырықтары әліпби немесе белгілі бір жүйе бойынша құрылмаған. Алайда бір дельфиннің дауысы басқа дельфинге үн қату, назарын аудару үшін қолданылады, бұл әңгіме барысында адамның біреудің атын атауымен бірдей.

Қызығы, дельфиндер жеке дыбыстық "кодын" өзі қалыптастырады.

Бұған дейін мұхит түбіндегі тосын құбылыстар ғалымдарды алаңдатып отырғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!