Мысыр қазақстандық туристердің елге кіру шарттарын жеңілдетпек

12:38, 23 қазан 2026
MKZ: 1573967

© Сурет: pexels

Мысырға баруды жоспарлап жүрген қазақстандықтар үшін елге кіру талаптары жеңілдетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы екі елдің сыртқы істер министрлері Мұхтар Тілеуберді мен Бадр Абдельатти арасындағы келіссөздер барысында белгілі болды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 2006 жылғы 7 қарашадағы дипломатиялық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттамаға қол қойылды. Құжат жарамды қызметтік паспорттары бар Қазақстан және Мысыр азаматтарына да визасыз режимді қолдануды көздейді.

Келіссөздердің тағы бір маңызды нәтижесі – Қазақстанды азаматтарына туристік мақсатпен Мысырға кіру кезінде қосымша талаптар қойылатын Орталық Азия мемлекеттерінің тізімінен шығару туралы уағдаластыққа қол жеткізілуі.

"Бұл шешім қазақстандық туристердің Мысырға кіру шарттарын жеңілдетуге және екі ел арасындағы туристік байланысты одан әрі дамытуға бағытталған", – деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары үшін Мысырға кіру ережелері мынадай:

  • - Елге келгенде рәсімделетін виза — 30 доллар. Тек туристік пакет сатып алғандарға беріледі. Елдің бүкіл аумағында 30 күн болуға мүмкіндік береді.
  • - Тегін Синай мөртабаны. Тек Шарм-эль-Шейх әуежайында 15 күнге дейінгі мерзімге қойылады. Бұл жағдайда Синай түбегінен шығуға болмайды.
  • - Өз бетінше саяхаттау. Туристік пакетсіз баратындар визаны Мысырдың Астанадағы елшілігінде алдын ала рәсімдеуі керек.
  • - Паспорттың жарамдылық мерзімі. Елге кірген күннен бастап кемінде алты ай жарамды болуы тиіс.
  • - Жас шектеуі. 21 жасқа толмағандар елге тек ата-анасының еріп жүруімен кіре алады.
  • - Қажетті құжаттар. Паспорт, кері қайту билеті, туристік ваучер немесе қонақүй броні және сақтандыру полисі болуы қажет. Әуежайларда қағаз көші-қон карталары жойылып, бақылау цифрлық форматқа көшірілген.

Бұған дейін қазақстандықтарға паспорт ауыстыру кезінде ескеретін маңызды жайт айтылған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!