Чернобыльде сілеусін фототұзаққа түсіп қалды
© Сурет: pixabay
Чернобыль радиациялық-экологиялық биосфералық қорығында орнатылған фототұзақтар сілеусінді түсіріп алды. Бұл жыртқышты күзде көзге шалу өте қиын болғандықтан, мұндай жағдай сирек кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандардың айтуынша, сілеусіннің табиғи ерекшеліктері оны жабайы табиғатта кездестіруді қиындатады. Оның теңбіл жүні ағаштар мен түскен жапырақтардың арасында байқалмай қалуына көмектеседі. Ал есту қабілетінің өткірлігі мен көруінің жақсы болуы оны епті аңшыға айналдырады.
"Күзгі орманда сілеусінді байқау оңай емес. Оның теңбіл жүні ағаштар мен жерге түскен жапырақтардың арасында жасырынуына мүмкіндік береді. Өткір естуі мен жақсы көру қабілеті оны шебер аңшы етеді. Күзде сілеусіннің жүні біртіндеп қалыңдап, қысқы суыққа дайындалады. Ал қалың жүн басқан жалпақ табандары қар үстімен жүруіне көмектеседі", – деп түсіндірді мекеме зерттеушілері.
Ғалымдардың айтуынша, сілеусін көбіне аңды тасадан аңдиды. Ол ұзақ қуудан гөрі, үнсіздік пен күтпеген жерден шабуыл жасауға сүйенеді.
"Жабайы табиғатта сақ сілеусінді көру – үлкен олжа. Өйткені ол бізді көбіне біз оны байқамай тұрып-ақ сезіп қояды", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Чернобыльдегі иттердің жаңа түрлері қалыптасқаны туралы хабарланған еді. Ғалымдар бұл құбылыстан күтпеген заңдылықты байқаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:53, 23 қазан 2026
Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады
-
13:48, 23 қазан 2026
Ақордада «Астана-Көгалдандыру құрылысы» мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына «Құрмет» ордені табысталды
-
13:36, 23 қазан 2026
Республика күнінің қарсаңында адал еңбегімен үлгі болған екі мыңнан астам азамат марапатталды
-
13:32, 23 қазан 2026
Президент сазгер Алтынбек Қоразбаевқа «Отан» орденін табыстады
-
13:30, 23 қазан 2026
Президент: Республика күні – күллі халқымыздың басын қосатын жалпыұлттық бірегей мереке






