Аңға шыққан қазақстандық досын атып өлтірді

14:04, 11 желтоқсан 2025

© Сурет: astanatv

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында құс аулау кезінде ер адам досын атып өлтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, екі дос қайықпен аң аулауға шыққан. Алайда, байқаусызда аңшылардың бірі досын атып жібереді. "Astana TV" мәліметінше, жараланған жігіт оқиға орнында көз жұмған.

Оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, марқұм мұнай саласында жұмыс істеген. Оның артында әйелі мен үш баласы қалды.

"Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Іс бойынша сотқа дейінгі жан-жақты тергеу жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу органдары мән-жайларды толық және объективті анықтау үшін заңда көзделген барлық шараларды қабылдауда",-деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Бұған дейін "Мәңгілік алауға" тауық қуырып жеген ер адамның бес тәулікке қамауға алынғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!