Анджелина Джоли осы жазда «Кутюр» атты жаңа фильмде бой көрсетеді

11:59, 21 мамыр 2026

© Сурет: Facebook/VertEnt

20 мамырда Vertical YouTube-арнасында Анджелина Джоли басты рөлді сомдайтын "Кутюр" фильмінің трейлері жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фильмде Джоли басты кейіпкерді ойнайды. Оның серіктесі – Луи Гаррель, ол оператор Антонның рөлін сомдайды. Сюжет бойынша Антон мен басты кейіпкер тіл табысып, бір-біріне ғашық болады.

Оқиға желісінде америкалық кинематографист Парижге жоғары сән апталығының (Haute Couture) сахна артындағы өмірін түсіру үшін келеді. Алайда көп ұзамай оның қатерлі ісікке шалдыққаны анықталады.

Фильм 26 маусым күні шетелдік кинопрокатқа шығады.

Бұған дейін "Игра престолов" сериалының жұлдызы Қазақстанға келмекші екенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!