Алты қазақстандық жалған спирт сатудан жүздеген миллион теңге табыс тапқан

© Сурет: ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Ақмола облысында контрафактілік тіркеу-бақылау маркаларын қолданып суррогат алкоголь өнімін өндіру анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысының аумағында жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, суррогатты алкоголь өнімін заңсыз өндіру фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі тоқтатты.
Степногорск қаласының тұрғынының басшылығымен 6 адамнан тұратын Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында суррогат алкоголь өнімдерін сатқан адамдар тобы әшкереленді.
20 мыңнан астам дайын өнім бөтелкелері және 100 мыңнан астам бос бөтелкелер, құрамында спирті бар сұйықтық, спирт, жалған есепке алу-бақылау маркалары тәркіленді.
Қылмыстық әрекет кезеңінде ақша айналымы 350 млн теңгеден асты.
Сот үкімімен іс бойынша айыпталушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырған 4,6 млн теңге көлеміндегі қаражат мемлекет кірісіне тәркіленді.
Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.
Анонимділікке кепілдік беріледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 17 маусым 2025
Ақтауда сатушы әйелге шабуыл жасаған ер адам сотталды
-
22:12, 17 маусым 2025
Жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
-
21:45, 17 маусым 2025
Семейдегі баланы қатыгездікпен ұрып-соққан жасөспірімдердің анасы ата-ана құқығынан айырылды
-
21:14, 17 маусым 2025
«Орталық Азия – Қытай» үшінші саммиті қайда өтеді
-
20:49, 17 маусым 2025
Сәрсенбіде Астанада, Шымкентте және 14 облыста ауа райына байланысты ескерту жасалды