Алматының Жетісу ауданында ұзақ жылдан бері қордаланған су және электр қуаты мәселесі шешілді

16:33, 1 шілде 2024

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Жетісу ауданының әкімдігінде ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтылды.

2019 жылдан бастап 190 мыңнан астам халқы бар ауданда 96,7 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңарту сияқты басым жобаларды жүзеге асыру кешіктірілді.

2020 жылы жаңа әкім Гүлнәр Көкебаева келгесін құрылыс ілгерілей бастады. Жұмысты "Алвис" және "Электроремонт" ЖШС мердігерлік ұйымдары орындады. Биыл бірінші мердігер қазылған көшелерді толық асфальттап жұмысын аяқтады, екінші мердігер осы жылы ойық-шұңқыры бар жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған.

Функцияларды орталықсыздандыру аясында 2023 жылы "НКО" ЖШС және "АлматыИнжСтрой" АҚ мердігерлік ұйымдарының сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жұмыстары басталды. Жоба аясында 16 мың абонент қамтылады, су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы – 85,97 км және кәріз желілері 90,2 км.

Жетісу ауданын толық қамтитын бұл жобалар үш жылға есептелген.

Биыл Алматы облысынан қалаға қосылған Кемел шағын ауданы тұрғындарының бір бөлігі тұрақты қалалық сумен қамтамасыз етіледі. Ұзақ жыл бойы тұрғындар су тапшылығын тартып келген еді. Сонымен қатар, Кемел шағын ауданында 43,5 км электр желісі салынды, соның арқасында қазір қала тұрғындары тұрақты қалалық электр қуатына қосылды.

Сондай-ақ ұзындығы 32,5 км Палладин-Павлодар-Боралдай, Таймыр көшелерінің аумағында жаңа электр желілері салынды.

8,4 км магистральдық жылу желілері қайта жаңартылды.

Көше жарығы да шешімін тапты, биыл жаңа бағаналар орнатылып, 150 жартылай жарық жүргізілмеген көшеде 35 мың км астам кабель салынды. Ауданның барлық магистральдық көшесінде (Солтүстік айналма, Сейфуллин, Рысқұлов, Жансүгіров және т.б.) көше жарығы жаңғыртылды.

Айта кетейік, Жетісу ауданының әкімі лауазымына Гүлнар Көкебаева 2020 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!