Алматының Түрксіб ауданындағы газ құбыры қалпына келтірілді, полиция тергеу амалдарын бастады
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Түрксіб ауданындағы кәріз құбырларын өз бетінше төсеу барысында бүлінген орташа қысымды жерасты газ құбыры коммуналдық қызметтің жедел іс-қимылының арқасында қалпына келтірілді.
Ол "У Асимы" мекемесіне кәріз құбырларын өз бетінше тарту барысында зақымданған. Жеке тұлғалар қалалық қызметтердің келісімінсіз түнде асфальтты тесіп, газ құбырын зақымдаған. Әуесқой әрі жауапсыз әрекеттердің салдарынан бірнеше қазандықтың жұмысы тоқтатылды.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына "QazaqGaz Aimaq" АҚ-ның 150 жұмысшысы мен 6 техника бірлігі жұмылдырылды. Тұтынушылардың бір бөлігін үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында "АТКЭ" ЖШС-нің "Әуежай" қазандығы мәжбүрлі түрде резервтік отын – мазутқа ауыстырылды.
Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша газ құбырындағы ақау жойылды. Мамандар жүйеге қысым сынағын жүргізеді, содан кейін тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір үйге барып, газды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізеді. Тұрғындарды қауіпсіздік техникасын сақтауға және газды өздігінен қоспауға шақырамыз.
Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы бұл факт бойынша жоспардан тыс тексеру жұмыстарын бастады. Соның нәтижесінде әкімшілік шаралар қабылданып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.
Сонымен қатар, бұзушылық салдарын жоюға кеткен барлық шығын кінәлі тұлғаға жүктеледі.
Еске салайық, кез келген инженерлік желілерге қосылу үшін жеке және заңды тұлғалар желілерге қосылу бойынша техникалық шарттарды алуы, сызбаның негізінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, оны коммуналдық кәсіпорындармен (ШЖҚ "Алматы Су" МКК, "Алматы жылу желілері" ЖШС, "QazaqGaz Aimaq" АҚ, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ) келісуі қажет. Сондай-ақ құрылыс басталғаны туралы қала құрылысы бақылау басқармасынан талон алып, аудандық әкімдікті хабардар етуі керек. Құрылыс-монтаж жұмыстары коммуналдық кәсіпорындардың бақылауымен жүргізілуге тиіс. Жұмыс аяқталған соң фото/бейне есепті Қала құрылысы бақылау басқармасында тіркеу қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:12, 17 қаңтар 2025
Қазақстанның екі өңірінде жер сілкінісі сезілді
-
23:05, 17 қаңтар 2025
Маңғыстау облысында Сайөтес-Бейнеу тас жолында жүк көлігі аударылды
-
22:56, 17 қаңтар 2025
«Боран, тұман, жаңбыр». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:28, 17 қаңтар 2025
Ресейден Арменияға ұшып шыққан ұшақ апатты жағдайда әуежайға қонды
-
21:57, 17 қаңтар 2025
Газада кепілге алынған адамдардың босатылатын алғашқы күні аталды