Қазақстандықтардың 10 миллион теңгесін ұрлаған күдікті Беларусьтан экстрадицияланды
© Фото: pexels
Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің көмегімен, күдіктіні Беларусь Республикасынан ірі мөлшердегі алаяқтық үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында экстрадициялады.
Ол, 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың тамызына дейінгі кезеңде Түркістан қаласында бір топ адам болып әрекет етіп, кәсіп ашу үшін тегін ақшалай грант алуға көмектесеміз деген сылтаумен 13 азаматтың қаражатын ұрлаған, оларға 10 миллион теңгеден ірі мөлшерде шығын әкелді.
Бұл қылмыстың сыбайласы сотталған, ал күдікті заңсыз әрекет жасағаннан кейін қашып кеткен және халықаралық іздеуге жарияланған.
2024 жылдың қазан айында ол Беларусьте ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының өтініші бойынша отанына экстрадицияланды.
Қазір күдікті Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.
Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеу арқылы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:51, 17 қаңтар 2025
Тоқаев Байменовпен әлемдегі мемлекеттік басқарудың даму үрдістері мен доктриналарын талқылады
-
18:51, 17 қаңтар 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Байменовты қабылдады
-
18:47, 17 қаңтар 2025
«Қалың қар жауып, аяз болады». Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы
-
18:27, 17 қаңтар 2025
Ауа райы болжамы: 18 қаңтарда қай өңірлерде қар жауатыны болжанады
-
18:18, 17 қаңтар 2025
Қазақстан жанар-жағармай мен дизель отынына қолданылатын мемлекеттік реттеудің күшін жоймақ ниетте