Алматының бизнес қауымдастығы «Алматы-2050» даму стратегиясын талқылады

17:30, 5 желтоқсан 2019

Кездесуде стратегиядағы 7 басым бағытты іске асыру шеңберінде 9 салалық комитет құрылды. Бизнес-қауымдастықтан басқа Іскерлік кеңестің құрамына қала әкімінің орынбасарлары мен салалық басқармалардың басшылары енді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл қараша айында әр комитет отырыс өткізілген болатын. Алқалы басқосуларда "Алматы - 2050" Даму стратегиясы, "ақылды" және қауіпсіз қаланы, "шетсіз қаланы" дамыту перспективалары, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, жиындарда Іскерлік кеңестің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Жиында кеңес мүшелері өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!