Алматыға ұшып шыққан Air Astana ұшағы Фукуокқа оралуға мәжбүр болды

17:07, 26 желтоқсан 2025

© Сурет: Zakon.kz

Air Astana Фукуок — Алматы рейсінің кешігуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 желтоқсан күні Фукуок — Алматы бағытындағы KC 162 рейсін орындаған Air Astana әуе кемесі барлық дәретхананың істен шығуына байланысты ұшып шыққан әуежайға оралды.

Әуе компаниясының мәліметінше, ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 10:04-те әуеге көтеріліп, 14:14-те Фукуок әуежайына аман-есен қонған.

Қазіргі уақытта әуе кемесіндегі техникалық ақауларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты рейстің ұшуы 27 желтоқсанға, жергілікті уақыт бойынша 04:00-ге дейін кейінге қалдырылды.

"Жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар ұсынылды. Әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге жеткізу және орналастыру мәселелерімен айналасып жатыр". Air Astana баспасөз қызметі

Әуе компаниясы рейстің кешігуіне байланысты жолаушылардан кешірім сұрады.

Еске салайық, бұған дейін Lufthansa әуе компаниясының рейсі жолаушылардың бірінің қайтыс болуына байланысты Алматы қаласына шұғыл қонуға мәжбүр болғанын хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!