Алматыдағы танымал аудандардың бірінде суық су өшіріледі

09:22, 10 маусым 2026

© Фото: pexels

Алматы қаласындағы аудандардың бірінде суық сумен жабдықтау желілеріндегі жұмыстарға байланысты 2026 жылғы 11 маусымда су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы Су" МКК мәліметінше, 11 маусым күні сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін Алатау ауданындағы Мәдениет шағын ауданында орналасқан көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерге суық су беру уақытша шектеледі.

Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралды.

Қосымша ақпаратты келесі нөмірлер арқылы ала аласыз: 274-66-66

Бұған дейін "Қазгидромет" жасанды жаңбыр жөніндегі қауесетке жауап бергенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!