Энергетика министрі бензин бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 10 маусымда Мәжіліс кулуарында бензин бағасының өсуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, бензин бағасы небәрі 3-4 теңгеге қымбаттаған.
"Бізде мемлекеттік баға реттеуі алып тасталған. Бағаны ішкі сұраныс пен ішкі ұсыныс айқындайды. Мендегі ақпарат бойынша, баға 3-4 теңгеге ғана өсті. Сондықтан бензиннің 10 теңгеге қымбаттағаны туралы айтқандарыңыз шындыққа жанаспайды", – деді Ақкенженов.
Министр жаз бойы жанармай бағасының өсу үрдісі жалғаспайтынына кепілдік бере алмайтынын айтты. Дегенмен, ведомство жағдайды бақылауда ұстайтынын жеткізді.
"Тағы да қайталаймын, бәрі ішкі сұраныс пен ішкі ұсынысқа байланысты. Біз нарықты реттемейміз. Егер нарық қатысушылары қазіргі жағдайда әділ баға 3-4 теңгеге көтерілуі керек деп келіссе, сол бағаны белгілейді. Бұл – нарықтық баға. Қазір мұнай бағасы шарықтап өсіп жатқан жоқ. Ол бір баррель үшін 93,5 АҚШ доллары деңгейінде тұрақтады. Қазақстандықтарды сабырға шақырғым келеді: Энергетика министрлігі жағдайды жіті бақылап отыр және оны ушықтырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр", – деп қосты министр.
Бұған дейін полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:57, 10 маусым 2026
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
-
12:45, 10 маусым 2026
180 млн теңгенің контрабандалық тауарын Қазақстанға заңсыз кіргізбек болған
-
12:24, 10 маусым 2026
Оңтүстік Қазақстанда +40°С-қа дейін аптап ыстық күтіледі
-
12:10, 10 маусым 2026
Қазақстанда мұнай өндіру алдағы 10 жылда төмендейді – Энергетика министрлігі
-
11:57, 10 маусым 2026
Қазақстандықтар тұтынушылық несиелерден бас тарта бастады





