3 млн USDT көлеміндегі криптоактивке тыйым салынды: Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді

10:30, 10 маусым 2026

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қызылорда қаласында "WornerBros" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған тұлғаға қатысты сот үкімі шықты. Тергеп-тексеруді ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Толығырақ ақпаратпен бүгін, 2026 жылғы 10 маусымда агенттіктің баспасөз қызметті бөлісті.

"Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ 24 жәбірленушінің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды",- делінген ақпаратта.

ҚМА дерегіне сүйенсек, ұйымдастырушы азаматтарды "WornerBros" платформасы арқылы қысқа бейнероликтер мен фильмдерді көргені үшін табыс табуға болады деген желеумен қаржы пирамидасына тартқан.

"Қатысушыларға рефералдық сілтеме арқылы тіркеліп, құны 10 мың теңгеден 11 млн теңгеге дейінгі VIP-пакеттердің бірін сатып алу ұсынылған. Бұл ретте күніне 735 мың теңгеге дейін табыс түсетіні уәде етілген. Әрбір жаңа қатысушы үшін бонус төленіп отырған, бұл азаматтарды жүйеге тұрақты түрде тартуға ынталандырған. Схеманы насихаттау үшін WhatsApp топтары, әлеуметтік желілердегі жарнамалар және үгіт-насихат кездесулері пайдаланылған",- делінген ақпаратта.

Тергеу барысында салымшылардың қаражатын жинақтау және аудару үшін қолданылған криптоәмияндар анықталғаны атап өтілді.

"Сот санкциясымен 3 млн USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды". ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енді.

Бұған дейін ІІМ іздеуде жүрген бірнеше күдіктіні шетелде құрықтағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!