Алматыдағы Назарбаев даңғылында жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі
© Фото: Zakon.kz
Алматылықтарға Назарбаев даңғылында жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалысқа енгізілетін шектеу туралы ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыда көше-жол желісін ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.
Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, бүгіннен бастап Назарбаев даңғылының әл-Фараби даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі бөлігінде жолдағы құдық қақпақтарын көтеру жұмыстары жүргізіледі.
"Осыған байланысты 3 күн қозғалысқа уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде ескерту белгілері қойылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – деді басқарма өкілдері.
Бұған дейін хабарланғандай, Наурыз мерекесіне байланысты Алматыда қоғамдық көлік бағыттарының 10-ы уақытша өзгертіледі. 16 наурыздан бастап, сағат 03:00‑ден іс-шаралар аяқталғанға дейін, Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан проспектісіне дейінгі учаскесінде автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Тұрғындар мен қала қонақтары алдын ала маршруттарын жоспарлап, жол қозғалысына байланысты уақытты есептеулерін сұрайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:50, 9 қараша 2026
Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды
-
22:04, 9 қараша 2026
Жеңіл атлет Максим Сажнев жасөспірімдер Олимпиадасында бесінші орын алды
-
21:52, 9 қараша 2026
Аида Балаева ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының XIV кездесуіне қатысты
-
21:24, 9 қараша 2026
Астанадағы өліммен аяқталған оқиғаға қатысты полиция түсінік берді
-
21:11, 9 қараша 2026
Жеңіл атлет Маргарита Косинова жасөспірімдер Олимпиадасында өнер көрсетті





