Алматыдағы дауыл кезінде көшеде кептеліс болып, электр қуаты жаппай өшіп жатыр

18:49, 28 наурыз 2024

© Фото: zakon.kz

Алматыда 28 наурызда дауыл соғып, артынша жаңбыр жауды. Жарты сағаттың ішінде ашық аспанды қара бұлт басты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дауыл бастала салысымен-ақ қалаға көлік кептелісі пайда болды, 18.00 шамасында кептіліс 10 балға жетті.

Қатты жел мен жаңбырдың салдарынан жолдар дым көрінбей қалған. Желдің екпіні сонша күшті болғаны сондай, кейбір ғимараттарда жер сілкінісі сияқты тербелістер сезілген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!