Алматыда жылу мен ыстық суға берешегі бар тұтынушылардың өсімпұлы кешіріледі

16:11, 30 шілде 2026
MKZ: 1558837

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жылу энергиясын тұтынушыларға арналған "Қарызды өтеп, өсімпұлдан құтыл!" акциясы басталды.

Акция аясында тұрғындар жылу және ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін негізгі қарызын толық өтеген жағдайда есептелген өсімпұлдан босатылады. Бұл туралы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС өкілдері хабарлады.

Сонымен қатар бұл мүмкіндік борышкерлердің мүлкіне және банк шоттарына қойылған тыйымдар мен шектеулерді алып тастауға да жол ашады.

Акцияға қатысу үшін биыл тамыз айынан желтоқсанның соңына дейін негізгі қарызды толық өтеу қажет. Одан кейін "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-не өтініш, eGov mobile арқылы алынған жеке куәліктің цифрлық нұсқасы және негізгі қарыздың төленгенін растайтын құжатты (кассалық чек) info@alts.kz электрондық поштасына жолдау қажет немесе тұрғылықты жері бойынша тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының біріне жүгіну керек.

Берешек мөлшері немесе жылу энергиясы үшін есептелген төлемдер бойынша кеңес алу үшін "Алматы жылу жүйесі" анықтама қызметінің 341-07-77 нөміріне хабарласуға болады. Сондай-ақ, +7 (775) 990-50-63 WhatsApp нөмірі жұмыс істейді (тек хабарлама қабылдайды).

Берешек белгіленген мерзімде өтелмеген жағдайда тұтынушылар жылумен жабдықтау қызметінен ажыратылып, қарыз сот тәртібімен өндіріледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!