Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

09:05, 7 маусым 2026

© Сурет: pixabay

"Қазгидромет" РМК бүгін, 2026 жылы 7 маусымда бірден еліміздегі тоғыз қалада ауа сапасы нашарлайтынын айтып, өз болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"7 маусымда Астана, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Талдықорған қалаларында, түнде Алматы, Ақтөбе, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін синоптиктер 7 маусымда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!