Алматыда жөндеуге байланысты Масанчи көшесі жабылады

16:35, 5 шілде 2024

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

6 шілде сағат 23.00-ден 8 шілде таңғы 6.00-ге дейін Төле би көшесінен Абай даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Құрманғазы, Шевченко, Жамбыл, Қарасай батыр және Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы қозғалыс 7 шілде күні таңғы сағат 6.00-ден бастап ашылады.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

"Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz, сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталары" сервистерінде жарияланған."

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!