Алматыда Жетісу ауданында төрт қабатты ғимараттың шатыры отқа оранды
© Сурет: unsplash
Алматы қаласының өрт сөндірушілері Жетісу ауданындағы Ақпаев көшесінде орналасқан төрт қабатты тұрғын үйдің шатырындағы өртті сөндіруде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпаев көшесіндегі төрт қабатты үйдің шатырының өртенгені туралы ақпарат жедел байланыс желісіне 14 тамызда сағат 17:34-те келіп түсті. Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы оқиға орнына 17:44-те келіп жетті.
"ТЖД күштері адамдарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Өртті сөндіруге суды үздіксіз беру қамтамасыз етіліп, бірнеше су оқпандары берілді. Өртті оқшаулау үшін барлық шаралар қолданылып жатыр". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өртті сөндіру қалың түтінмен және жоғары температурамен күрделене түсуде.
Айта кетсек, 13 тамызда кешкі сағат 17:55-те Алматыда Бөкейханов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй өртенген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:50, 15 желтоқсан 2025
Алматыдағы жаңа БРТ желісінде жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді
-
13:41, 15 желтоқсан 2025
Қытайлық миллиардер болашақ жұбайын әлеуметтік желілерден іздей бастады
-
13:34, 15 желтоқсан 2025
Қазақстандықтарға ақылы жолдарға қатысты жағымды жаңалық хабарланды
-
13:26, 15 желтоқсан 2025
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жариялады
-
13:20, 15 желтоқсан 2025
Валерий Меладзенің Қырғызстандағы концерті өтпейтін болды





