Алматыда Жеңіс күні тойланды
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Ұлы Жеңістің 79 жылдығы тойланды. Дәстүр бойынша негізгі мерекелік іс-шаралар 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтіп, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Бір минут үнсіздіктен кейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналған Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды.
Әкім майдангерлерді мерекемен құттықтап, ұрыс алаңында және еңбек майданында көрсеткен ерліктері үшін алғыс айтып, зор денсаулық, мол бақыт, амандық тіледі.
Өз кезегінде ардагерлер кездесу барысында қала басшылығына назар аударғаны үшін ризашылық білдіріп, Алматы тұрғындары мен қазақстандықтарға бейбітшілік пен жақсылық тіледі. Сондай-ақ естелігін бөлісіп, өлең оқып, соғыс туралы әндер айтты.
28 гвардияшы - панфиловшылар атындағы саябақта қала тұрғындары мен қонақтары үшін далалық ас үй ұйымдастырылды, мерекелік концерт өтіп, қазақстандық артистер майдан әндері мен соғыстан кейінгі жылдардағы әндерді шырқады.
Сондай-ақ, Алматыда Б.Момышұлы монументіне, Т.Бигелдинов, С.Нұрмағамбетов мемориалдық тақтасына, С.Луганский бюстіне, Ә.Шәріпов ескерткішіне, "Отан ұлдарына мәңгілік естелік", "Белгісіз сарбаздың қабірі" және "Отан үшін шайқаста қаза тапқан батырларға мәңгілік даңқ" мемориалдарына гүл шоқтарын қою рәсімдері өтті.
Мектептер мен колледждерде әскери қызметшілерді, ардагерлерді, қатардағы азаматтардың қатысуымен "Ерлік сабақтары", сонымен бірге, балаларды әртүрлі әскер түрлерімен таныстыру бойынша сабақтар және т.б. өтті.
Соғыс жылдарында майданға 1,3 млн қазақстандық шақырылды. 100 мыңнан астам қазақстандық жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталды, 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
Қазір Алматыда Ұлы Отан соғысының 43 ардагері тұрады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:55, 19 мамыр 2024
Ақтауда оқушы қызға қол жүгіртті деп күдікке ілінген мектеп күзетшісі екі айға қамауға алынды
-
17:39, 19 мамыр 2024
ШҚО-да аралда қалып кеткен құлындарға құтқарушылар көмекке келді
-
17:15, 19 мамыр 2024
Усиктің проумоутері боксшының жағының сынғанын жоққа шығарды
-
17:00, 19 мамыр 2024
20 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжанады
-
16:51, 19 мамыр 2024
Дзюдодан ӘЧ-2024: Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова қола медаль үшін таласатын болды