Алматыда жеңіл көлікті тізгіндеген бозбала жүк көлігімен соқтығысып қаза тапты

16:10, 24 ақпан 2026

© Сурет: Zakon.kz

2026 жылғы 24 ақпан күні таңертең Құлжа тасжолы бойында жол апаты орын алып, салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат Рыскұлов даңғылы мен Бұқтырма көшесі аралығында, "Сокол" жанармай бекетінің қасында болды. Қақтығысқа Mercedes-Benz Actros жүк көлігі мен Mazda 626 жеңіл көлігі ұшырасқан.

Сурет: Zakon.kz

Жүк көлігі жүргізушісінің айтуынша, ол солтүстік бағытта Құлжа тасжолы бойымен қозғалып келе жатқан. Бір сәтте қарсы бағыттағы жолдан жоғары жылдамдықпен келе жатқан Mazda көлігінің өзіне тікелей шыққанын көрген.

Сурет: Zakon.kz

Actros жүргізушісінің айтуынша, ол қақтығысқа жол бермеуге тырысқан, алайда Mazda көлігінің жүргізушісі жылдамдықты азайтпай, траекториясын өзгертпеген. Соның салдарынан бетпе-бет соқтығыс орын алған.

Сурет: Zakon.kz

Жеңіл көліктің жүргізушісі көлікте қысылып қалған. Жедел жәрдем қызметкерлері келгенде оның қайтыс болғанын тіркеді. Төтенше жағдай қызметінің қызметкерлері зардап шеккеннің денесін көліктен шығарды.

Сурет: Zakon.kz

Жол-көлік апаты орнында полиция барлық жағдайды анықтап жатыр. Қаза болған жүргізуші – 2006 жылғы туған жас жігіт.

Сурет: Zakon.kz

Апаттан кейін Құлжа тасжолында екі бағытта да көлік кептелісі пайда болды.

Бұған дейін Алматыда түнде жол-көлік апаты болғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!