Алматыда жедел қызмет өкілдері бесінші қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды
© Фото: Zakon.kz
Алматыда полицейлер мен құтқарушылар әйел адамның өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, "102" арнасына көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы кондиционердің сыртқы блогында тұрған жас әйел туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына бірден бірнеше патрульдік полиция экипажы жетті. Полицейлердің бір тобы әйелмен үздіксіз сөйлесіп, оны сабырға шақырып, қайғылы қадамға бармауға көндіруге тырысса, екінші тобы оқиға орнын қоршап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жедел қызметтердің жұмысын үйлестірді.
Бірнеше минуттан кейін құтқару қызметінің мамандары келіп жетті. Полицейлер мен құтқарушылардың бірлескен әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде әйел аман-есен пәтерге кіргізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға отбасылық жанжал себеп болған. Әйелге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаға қатысы бар барлық азамат мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Бұған дейін Ақтауда 10-қабаттағы терезенің сыртқы жақтауына шығып кеткен баланың құтқарылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:16, 30 шілде 2026
Астанада биыл 5 мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды
-
21:41, 30 шілде 2026
Айша Әбдімәлік әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатында күміс медальға ие болды
-
21:24, 30 шілде 2026
Мәдениет комитетінің төрағасы тағайындалды
-
20:47, 30 шілде 2026
Қазақстанда бір күнде 6 орман өрті тіркелді
-
20:31, 30 шілде 2026
Шілденің соңғы күнінде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды





