Алматыда жаңбырдан кейін Достық даңғылындағы тротуар опырылып түсті
© Сурет: Threads/@vera_minisun
Алматыдағы Достық даңғылында нөсер жаңбырдан кейін тротуардың бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы қала тұрғыны әлеуметтік желіде жазды.
"Тротуардың тұтас бір бөлігі опырылып түсті. Достық – Алматының орталық даңғылы. Айналаны су басып, тіпті жолдың арғы бетіне өту мүмкін болмай қалды", – деп жазды Вера Давыдова 2026 жылғы 11 қарашада Threads желісіндегі парақшасында.
Жарияланымға Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы жауап берді. Ведомство Достық даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі бөлігін жаңарту жобасы аясында тротуарға тақтатас төселіп, веложол салынғанын еске салды. Сондай-ақ көгалдандыру, автоматты суару жүйесін орнату, кабель желілерін тарту, сыртқы жарықтандыру бағандарын орнату және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілген.
Ал тротуардың опырылуына қатысты басқарма мынадай түсініктеме берді:
"Нысан пайдалануға берілгеннен кейін аталған учаскеде "Алматы жылу желілері" ЖШС жылу желілерінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген".
Бұған дейін Алматы тұрғындары көшелердегі жағдайдың видеоларын жариялаған еді. Кадрлардың бірінде метро станцияларының біріне кіреберісті су басқаны да көрінеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:25, 11 қараша 2026
Қостанайда оқушыларға киберқауіпсіздік негіздері үйретілді
-
14:17, 11 қараша 2026
ҚазҰУ студентінің қазасына қатысты ғылым министрі пікір білдірді
-
14:04, 11 қараша 2026
Қазақстанда ғылыми жобаларға қойылатын талаптар күшейтіледі
-
13:48, 11 қараша 2026
«Қызылжар» ФК-ның бұрынғы президенті Григорий Лорияға іздеу жарияланды: ол не үшін күдікке ілінді
-
13:37, 11 қараша 2026
Дизайнер Аида Кауменова әкесінен айырылды





