Алматыда жаңа метро желісі қайда салынатыны белгілі болды
© Фото: Zakon.kz
Жерасты көлігіне сегіз станция қосылады және қала орталығы әуежайға жалғанады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жобаның техникалық құжаттамасында көрсетілгендей, жаңа метро желісі жерасты арқылы өтеді және "Жібек Жолы" станциясынан Гоголь көшесі бойымен Орталық мәдениет және демалыс саябағына дейін созылады, содан кейін Шығыс айналма жол арқылы Құлжа тас жолына өтеді де, әуежайға қарай бұрылады, деп жазады Колеса басылымы.
Бұл желінің станциялары келесі мекенжайларда орналасады:
№ 1 — "Жібек Жолы" станциясының жанында, Назарбаев даңғылының шығысында, бірінші желіге ауысуға болады;
№ 2 — Орталық мәдениет және демалыс саябағының маңында;
№ 3 — Құмай көшесінің Шығыс айналма жолмен қиылысқан жерінде;
№ 4 — "Халық Арена" спорт кешенінің жанында;
№ 5 — "Жетісу" базарының қарсысында, "Восточный" торабының аумағында;
№ 6 — "Апорт-2" сауда орталығы мен автосалонның жанында;
№ 7 — Нұршашқан ықшамауданының маңында;
№ 8 — Әуежайдың жанында.
электродепо — 7-станцияның солтүстігінде.
Екі жолақты желінің ұзындығы — 14 км.
Алматыда жаңа метро желісі қайда салынады
Қазір жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге конкурс жарияланды. Негіздеме 2025 жылдың қыркүйегіне дейін аяқталуға тиіс. Жаңа метро желісінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін. Сол уақытта құрылысшылар қазіргі желіні "Алтын Орда" базарына дейін созу жұмыстарын аяқтайды.
Бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде метроның солтүстік желісі жер үстіне салынып, Сүйінбай даңғылы бойымен Алматы-1 теміржол вокзалына дейін созылатынын айтқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:15, 24 қазан 2024
Астанада өткен форумда Қазақстанда қайырымдылық жасау мәдениетін дамытудың маңызы туралы айтылды
-
18:50, 24 қазан 2024
Алматыда жәрмеңкеге байланысты Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
-
18:00, 24 қазан 2024
Жамбыл облысында мерзімі өтіп кеткен, техникалық регламентке сәйкес келмейтін сүт өнімдері сатылған
-
17:47, 24 қазан 2024
Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты: сайыстың бірінші күні қазақстандықтар үшін қалай өтті
-
17:20, 24 қазан 2024
Теннистен Оңтүстік Кореямен ойнайтын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды