Алматыда тұрғын үй аулаларының бірінде жол талғамайтын көлік баланы қағып кетті

19:58, 9 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында велосипед мінген баланы жол талғамайтын көліктің қаққан сәтінің видеосы тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл фактіге қатысты Zakon.kz сайтына Алматы қаласының полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу амалдарын қолға алған.

"Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады", - деді полициядан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!