Алматыда түнде жаппай жол-көлік апаты болды: зардап шеккендер бар

10:24, 16 қаңтар 2026

© Сурет: Zakon.kz

Алматы қаласында 16 қаңтарға қараған түні Кудерено – Рысқұлов көпірінде батыс бағытта қозғалыс кезінде төрт автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Kia Sportage автокөлігі ортаңғы жолақпен келе жатқан. Оның артынан жоғары жылдамдықпен келе жатқан Hyundai Sonata оң жақтан басып озу үшін оң жолаққа ауысқан.

Осы сәтте Hyundai жүргізушісі оң жақ жолақта тұрған ақаулы тракторды байқап, қайтадан өз жолағына оралуға тырысқан. Алайда үлгермей, тракторға жоғары жылдамдықпен соғылған.

Сурет: Zakon.kz

Соққы салдарынан трактор бірнеше метр алға ұшып кеткен. Ал Hyundai Sonata жүргізушісі көлікті басқара алмай, жанға қарай ұшып барып Kia Sportage көлігімен соқтығысқан. Одан кейін басқарудан шыққан автокөлік тағы бір көлікті – Lada Priora-ны жанай өткен.

Сурет: Zakon.kz

Апатқа ұшыраған көліктердің бірінде ерлі-зайыпты жұп пен кәмелетке толмаған бала болған. Әйел адам жүкті болған. Отбасының барлық мүшесі медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар Hyundai Sonata автокөлігінің жолаушысы да жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Сурет: Zakon.kz

Кейін белгілі болғандай, Hyundai Sonata – каршеринг қызметіне тиесілі жалға алынған көлік болған.

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері барлық қатысушыларды қарап шықты. Сондай-ақ, жол бойында көлік бөліктері шашылып, қайта апат қаупін тудырғандықтан, жолды тазалау үшін Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) қызметкерлері шақырылды.

Қазіргі уақытта апаттың мән-жайы анықталуда.

Бұған дейін Қостанайда аула ішінде әйелді қағып өлтірген қоқыс таситын көлік жүргізушісіне үкім шыққанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!