Алматыда 170-тен астам азаматты алдаған алаяқтар ұсталды
Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – Алаяқ екі ер адам 173 адамды миллиондаған теңгеге алдаған, деп хабарлайды 7kun.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«28 жастағы Ж.есімді азамат пен оның 22 жастағы досы төмен пайызбен ірі көлемде несие алу туралы ақпаратты таратқан. Жалпы, алдау жоспары өте қарапайым болды: азаматтарға жылдық 6 пайызбен ірі көлемде несие алуға көмек ұсынылды. Бірақ «таза тарих» үшін алдымен кез келген тауарлық несиені алып, «сатып алынған» тауарды сату арқылы тез өтеу қажет болды. Бұл тауарды екі алаяқ өздеріне алып, басқаларға сатқан және табысты өзара бөлісіп алған. Ерлер бір жылға жуық уақыт бойы қала тұрғындарын алдап келген. Ал таяуда ғана алданып қалған азаматтар полицияға көмек сұрап келген. Күдіктілер ұсталды. Қазір 173 алаяқтық дерегі анықталды. Қылмыстық дуэт әрбір жәбірленушіден 1,5 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін пайда көрсе, шығын көлемін есептеуге де болады. Барлық эпизод бір өндіріске біріктірілді. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл іс бойынша тергеу жалғасуда.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





