Алматыда тегін көшеттер қайда таратылады

14:10, 25 қыркүйек 2024

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы жыл сайынғы "Жасыл аула" акциясы аясында қаланы көгалдандыру және жасыл қорды сақтау бағдарламасын жалғастырып келеді.

2024 жылдың күзінде қала тұрғындары көпқабатты үйлердің аулалары мен қоғамдық орындарды көгалдандыру үшін жапырақты ағаштардың көшетін тегін ала алады.
Көшеттер 12-13 қазанда мына мекенжайда орналасқан әр ауданның комьюнити орталығында таратылады:
1. Әуезов ауданы – Мамыр-1 ш/а., 26/1;
2. Алатау ауданы – Саялы ш/а., 71;
3. Медеу ауданы – Назарбаев даңғылы, 36;
4. Жетісу ауданы – Боткин көшесі, 20;
5. Түрксіб ауданы – Жас Қанат ш/а., 49А;
6. Алмалы ауданы – Байтұрсынов көшесі, 22/1;
7. Наурызбай ауданы – Шұғыла ш/а., 343/7;
8. Бостандық ауданы – Абай даңғылы, 164/6.
Әрбір комьюнити орталығында 100-ге дейін көшет таратылады. Көшеттер негізінен Әуезов ауданы, Юрий Ким көшесі, 9 үй ("Eco Almaty" ЖШС) мекенжайында таратуға дайындалады.
Акцияның күзгі кезеңіне қатысу үшін өтінім 2024 жылы 23 қыркүйектен 4 қазанға дейін қабылданады.
Акцияға қатысу үшін Jasyl.aula.almaty@gmail.com электронды поштасына мынадай мәліметтерді жіберу қажет:
1. Бастамашыл тұлғаның аты-жөні және байланыс деректері, отырғызылатын жердің нақты мекенжайы;
2. Жоспарланған отырғызу орнының бірнеше фотосуреті (орынды бағалау үшін панорамалық фотосурет болғаны жөн);
3. Қажетті көшеттердің санын көрсету.
Акцияға қатысатын тұрғындар ағаш отырғызғаннан кейін фотоесеп ұсынуы қажет.
Акция туралы қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының жасыл қор мониторингі және басқару бөліміне +7 771-161-98-50 телефоны арқылы хабарласуға болады.
"Жасыл аула" акциясы – Алматы тұрғындарының шаһарды көгалдандыруға, оны одан әрі жасыл әрі жайлы етудің тамаша мүмкіндігі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!