Алматыда тауық етінің бағасы бектіледі

16:30, 5 қараша 2024

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру мақсатында "Алматы" ӘКК" АҚ "Алатау-құс" АҚ құс фабрикасымен қарыз шартын жасасты.

Келісім аясында қалада өндірушінің тауық еті (сан еті мен жамбас) бағасы бекітілетін болды.

"Алатау-құс" АҚ фирмалық дүкендерінің сөрелеріндегі және Алматыдағы үйдің жанындағы дүкендердегі өнімнің бағасы бір килограмм үшін 1 100 теңгеден аспайды.

Келісілген шарттасу бойынша жалпы көлем 1818 тоннаны құрайды. Тұрақтандыру кезеңі 24 ай.

Өнімдерді сату нүктелерінің мекенжайларын almatyazyk.kz сайтынан білуге болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!