Желідегі видео. Ғалымдар көпті алаңдатқан көктегі жарық нысан не екенін айтты
© Сурет: pexels
Әлеуметтік желідегілер еліміздің оңтүстік-шығысында көктен байқалған жарық нысанның не екенін анықтай алмай дал. Жанып бара жатқан нысан, тіпті Жаркент тұрғындарын шошытып жіберген. Zakon.kz мұның жауабын білмек ниетте ғалымдарға жүгінді.
В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының астрономы Светлана Мошкина Жаркент тұрғындары түсірген видеоны көріп, бірден оның метеор да, болид те емес, Жердің жасанды серігі екенін айтты. Оның айтуынша, ғарыш денелері видеодағы "шақырылмаған қонақтан" айырмашылығы, үлкен жылдамдықпен зымырайды.
Жасанды жер серіктерін бақылау зертханасының меңгерушісі Александр Серебрянский қазақстандықтар түсірген нысан Starlink ғаламдық Интернет жүйесі спутниктерінің фрагменті немесе Қытайдың "Чанчжэн-3B" орбиталық зымыран тасығышының бөлінген блогы болуы мүмкін екенін айтады.
"Видео 3 қарашада немесе 2 қарашада түнде түсірілген болуы мүмкін. Бұл күндері 2009 жылы іске қосылған кейбір Starlink аппараттары мен WISE миссиясының инфрақызыл аспанды шолу телескопының атмосфераға енуі тіркелді. Сол күндері атмосфераға қолданылып, бөлініп тасталған CZ-3B блогы (2019 жылы қытайлар ұшырған) кірді", – деп топшылайды ғалым.
Астроном Светлана Мошкина видеодағы нысан көп сатылы зымыран ұшырылғаннан кейін бөлінетін блогтардың бірі болуы мүмкін екенін айтады. Мұндай зымыранның әр сатысын бөліп, лақтыруы қатты жылдамдыққа жетуге мүмкіндік береді.
"Байқоңырдан ғарыш аппараттары ұшырылған кезде зымыранның көкте бірнеше сатысы бөлінеді. Біз соның алғашқысын тамашалай аламыз. Қазақстан тұрғындары үшін бұл жиі кездесетін құбылыс", - деп атап өтті маман.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:52, 4 қараша 2024
СҚО прокуратурасы жастар арасында суицидті уағыздайтын Telegram-дағы ойындарды бұғаттады
-
22:43, 4 қараша 2024
Францияның мәдениет министрі: Тоқаевтың сапары мәдениетке қатысты мәселелерді қамтитынына қуаныштымын
-
22:18, 4 қараша 2024
Павлодарда сотта мүгедек жан өзін зорлаған адамға кешірім берген
-
22:01, 4 қараша 2024
Қытай даму институтымен Alatau арнайы экономикалық аймағы бойынша ынтымақтастық орнатылады
-
21:33, 4 қараша 2024
Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен келіп жетті