Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен келіп жетті
© Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Париж әуежайында Қазақстан Президентін Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.
"Ертең Елисей сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон келіссөз жүргізеді", делінген хабарламада.
Айта кетсек, Президенттің Францияға сапары алдында Le Figaro басылымында мақаласы жарық көрді.
"Біз президент Эмманюэль Макронмен бірлесіп, осы жылдың желтоқсан айында су ресурстарына қатысты барлық сын-қатерлер бойынша ынтымақтастықты күшейту мақсатында және БҰҰ-ның орнықты дамуының ең маңызды мақсатына: "барлығына таза су және санитарияға" қол жеткізу жолында One Water Summit бастамасын өткізуге қуаныштымыз. Қазақстанның тату көршілік қағидатына берік міндеттемесі "Орта дәліз" – Қазақстан мен Каспий теңізі арқылы Азия мен Еуропаны байланыстыратын стратегиялық бағыт сынды жобалар арқылы өңіраралық интеграцияны белсенді дамытуға мүмкіндік береді", делінген Президенттің мақаласында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:52, 4 қараша 2024
СҚО прокуратурасы жастар арасында суицидті уағыздайтын Telegram-дағы ойындарды бұғаттады
-
22:43, 4 қараша 2024
Францияның мәдениет министрі: Тоқаевтың сапары мәдениетке қатысты мәселелерді қамтитынына қуаныштымын
-
22:18, 4 қараша 2024
Павлодарда сотта мүгедек жан өзін зорлаған адамға кешірім берген
-
22:01, 4 қараша 2024
Қытай даму институтымен Alatau арнайы экономикалық аймағы бойынша ынтымақтастық орнатылады
-
21:13, 4 қараша 2024
Алматыда қоғамдық-саяси іс-шараларға қатысып жүрген «дөкей» алаяқ түрмеге тоғытылды