Алматыда сел қаупіне байланысты тұрғындар шұғыл эвакуацияланып жатыр

14:16, 1 шілде 2026

© Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 1 шілдеде Алматының бір ауданында тұрғындарды эвакуациялау басталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Наурызбай ауданындағы сел қаупіне байланысты Ақсай өзенінің арнасы бойында тұратын тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жүргізілуде.

"Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олар уақытша Наурызбай ауданындағы мектептер базасында ұйымдастырылған қабылдау пункттеріне орналастырылып жатыр, – делінген хабарламада.

Министрлік жедел штаб құрған. Азаматтық қорғау қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Сондай-ақ 8 (727) 279-22-32 нөмірі бойынша жедел желі іске қосылды. Қазіргі уақытқа дейін оған төрт қоңырау түскен.

ТЖМ барлық іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізіліп жатқанын және жағдай толық бақылауда екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Алматының Наурызбай ауданы тұрғындарының телефондарына су басу қаупі туралы ұлттық ескерту хабарламасы жіберілген болатын.

Ал "Қазгидромет" таулы аймақтарда қатты жауын-шашынның болжануына байланысты Алматы маңында сел жүру қаупі сақталатынын ескерткен еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!