Алматыда полицейлер жаңа жыл түні жасалған ұрлықтың бетін ашты
© Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда жаңа жыл түні жасалған пәтер ұрлығы әшкереленді. Қаланың Әуезов ауданында үш ер адам пәтер иелерінің жоқтығын пайдаланып, тұрғын үйге заңсыз кірген.
Күдіктілер цифрлық және шағын тұрмыстық техниканы, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ ақшалай қаражатты қолды еткен. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асты.
Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті үш азаматтың жеке бастары анықталып, барлығы ұсталды.
Арнайы операцияны қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Әуезов аудандық полиция басқармасымен және полицияның арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп жүргізді.
Тергеу барысында ұсталғандардың екеуі бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын тексеріп жатыр.
"Күдіктілер мерекелік түні пәтер иелері үйде болмайды, ал адамдардың назары мейрамға ауған болады деп үміттенген. Алайда олардың заңсыз әрекеттері дер кезінде әшкереленді. Үш күдікті де ұсталып, ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Қазіргі уақытта олардың қылмыстық әрекеттерінің өзге де эпизодтарын анықтау жұмыстары жалғасуда", — деді Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:17, 13 қаңтар 2026
Сумен жабдықтау мен су ағызу жүйесін жаңартуға 1,9 трлн теңге қажет
-
13:04, 13 қаңтар 2026
Гренландия – ұлттық қауіпсіздік мәселесі: АҚШ-та резонанс тудырған заң жобасы ұсынылды
-
12:57, 13 қаңтар 2026
Павлодарда күзетші 13 жасар аутизмі бар баланы сабаған
-
12:43, 13 қаңтар 2026
Әлемдегі ең тартымды қалалар рейтингі - статистика
-
12:38, 13 қаңтар 2026
Атырау облысындағы отбасының жоғалуы: кіші қызы халықаралық іздеуге жарияланды





