Алматыдағы крематорий жақын арада іске қосылады
© Фото: flickr/Tim Evanson
Алматыда алғашқы крематорийді ашуға дайындық жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2026 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Ұлттық экономика министрлігінің типтік жерлеу ережелері мен қабірді күту ісін ұйымдастыру тәртібіне өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрығы тіркелген.
"Жаңа ережелер крематорийлердің қызметіне құқықтық негіз жасайды және Қазақстанда кремацияны алғаш рет заң деңгейінде жүргізуге мүмкіндік береді", – делінген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұйрық күшіне енгеннен кейін Алматыдағы крематорий барлық санитарлық және құқықтық талаптарды сақтай отырып жұмысын бастайды.
Қазіргі таңда қала патологоанатомиялық бюросының қадағалау кеңесі арқылы кремация қызметтерінің баға тізбесі бекітілу үстінде. Қызметтердің тарифтері мен көрсетілу тәртібі ресми сайтта жарияланатын болады.
Қалалық крематорийді салу жоспарлары алғаш рет 2020 жылғы жазда жарияланған.
Құрылыс аяқталғаннан кейін оның іске қосылу мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілді. Акимат бұл жағдайды түсіндіріп, 2024 жылдың соңында объекті пайдалануға берілгеннен кейін оның соңғы баланстық иесін анықтау мәселесі туындағанын, өйткені крематорийлер қызметін реттейтін санитарлық ережелерде тиісті нормалар болмағанын хабарлаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:08, 12 қаңтар 2026
Төтеншеліктер алдағы күндері елорда тұрғындарынан алыс сапарға шықпауды сұрады
-
17:53, 12 қаңтар 2026
Елімізде үш күн ішінде жалған нөмірмен жүрген 900-ден астам көлік анықталды
-
17:43, 12 қаңтар 2026
АҚШ елшілігі отандық педагог қауымына арналған тамаша жаңалықпен бөлісті
-
17:15, 12 қаңтар 2026
«Қауіпсіздік диалогсыз болмайды». Жаңадан тағайындалған Алматының бас полицейі мәлімдеме жасады
-
16:56, 12 қаңтар 2026
12-15 қаңтар: Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қатты аяз болады





